HP Laptop User's Guide - Linux
Оптикалық диск жетегін ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығармастан бұрын, компьютерді
өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, күту немесе ұйқы күйінде болғанда, оптикалық дискіні
шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Батареяны алып тастаңыз.
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
8. Жаңартуға арналған
орындағы бұрандаларды (1) бұрап босатыңыз.
9. Оптикалық диск жетегін шығару үшін (2) ілгекті жалпақ ұшты бұрағышпен жайлап басыңыз.
10. Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығарып алыңыз (3).
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орынға орналастыру үшін
1. Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орынға (1) енгізіңіз.
56 Бап 7 Дискілер