HP Laptop User's Guide - Linux
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын
пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық камераларда, қалта
компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін
Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Сандық картаны енгізу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны медиа картаны оқу құрылғысына салып, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)61