HP Laptop User's Guide - Linux

Сандық картаны шығарып алу үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз.
2. Файлдар шолғышының сол жақ аумағында көрсетілетін Месторасположения (Орналасу
орындары) мүмкіндіктер тізіміндегі сандық карта атының қасында бар Извлечь (Шығару)
белгішесін нұқыңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғыны шығарып алу қауіпсіз екендігі ескертіледі.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
ExpressCard карталарын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
ExpressCard – өнімділігі жоғары дербес компьютер картасы, ол ExpressCard ұясына салынады.
ExpressCard карталары PCMCIA стандарт талаптарына сəйкес жасалады, бірақ құрылғы
пайдалану үшін бағдарламалық құралды орнату қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қуатты үнемдеу үшін, пайдаланылмаған кезде ExpressCard картасын тоқтатыңыз
немесе шығарып алыңыз.
62 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар