HP Laptop User's Guide - Linux
ExpressCard картасын алып тастау
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Мəліметтеріңізді сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
ExpressCard картасын алып тастау үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз.
2. Файлдар шолғышының сол жақ аумағында көрсетілетін Месторасположения (Орналасу
орындары) мүмкіндіктер тізіміндегі ExpressCard картасы атының қасында бар Извлечь
(Шығару) белгішесін нұқыңыз.
Құрылғыны шығарып алу қауіпсіз екендігі ескертіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер ExpressCard жад картасы болса, оны Nautilus көмегімен шығару талап
етіледі.
3. ExpressCard картасын босатып, шығарып алыңыз:
а. ExpressCard картасын (1) жайлап басыңыз.
ə. Сандық картаны оның ұясынан шығарыңыз (2).
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе
концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың
интерфейсі болып табылады.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін кем дегенде 1 USB
порты бар. Сонымен
қатар, сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты
компьютеріңізде болуы мүмкін. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы
компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
USB құрылғысын пайдалану 65