HP Laptop User's Guide - Linux

1394 құрылғыларын пайдалану
IEEE 1394 – жылдамдығы өте жоғары мультимедия немесе деректерді сақтау құрылғысын
компьютерге жалғайтын аппараттық құрал интерфейсі. Сканер, сандық камера жəне сандық
бейнекамераны 1394 порты арқылы жалғау қажет.
Кейбір 1394 құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
1394 порты IEEE 1394a құрылғыларын да қолдайды.
1394 құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін құрылғыны күшпен
жалғамаңыз.
1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының 1394 кабелін 1394 портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: 1394 жад құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету
үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
1394 құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, 1394 құрылғысын
ажыратпас бұрын оны тоқтатыңыз.
ЕСКЕРТУ: 1394 қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін, 1394 құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
1394 құрылғыларын пайдалану 67