HP Laptop User's Guide - Linux

1394 құрылғысын ажырату үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз.
2. Файлдар шолғышының сол жақ аумағында көрсетілетін Месторасположения (Орналасу
орындары) мүмкіндіктер тізіміндегі құрылғы атының қасында бар Извлечь (Шығару)
белгішесін нұқыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер 1394 құрылғысы жад құрылғысы болса, оны Nautilus көмегімен шығару
талап етіледі.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
SATA құрылғысын пайдалану
eSATA порты eSATA сыртқы қатты дискісі сияқты өнімділігі жоғары eSATA косымша құрамдас
бөлігін жалғайды.
Кейбір eSATA құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: eSATA порты қосымша USB құрылғысын да қолданады.
еSATA құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін құрылғыны күшпен
жалғамаңыз.
еSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғысының еSATA кабелін
компьютердегі еSATA портына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: eSATA құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету
үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
еSATA құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін, eSATA құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
68 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар