HP Laptop User's Guide - Linux
10 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ
олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны
ұрланудан қорғамайды.
Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен
деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер
қолданылатын əдіске байланысты болады.
Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің
тізімі төмендегі кестеде беріледі. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің көбінің параметрлері
Setup Utility (Орнату утилитасы) арқылы реттеледі.
Келесілерден қорғау Бұл қауіпсіздік мүмкіндігін пайдалану
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Құпия сөздерді пайдалану арқылы қосылу
аутентификациясы
Computer Setup (f10) құралына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралындағы BIOS əкімші құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралындағы DriveLock құпия сөзі*
Оптикалық диск, дискет жетегі немесе ішкі желілік
адаптерден рұқсатсыз бастау
Computer Setup құралындағы жүктеу параметрлері
мүмкіндігі*
Деректерге рұқсатсыз кіру
●
Қалқан бағдарламалық құралы
● Амалдық жүйені жаңарту
Setup Utility параметрлеріне
жəне басқа жүйені анықтау
ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup құралындағы BIOS əкімші құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге қолданылады)
*Computer Setup утилитасына кіру үшін компьютер қосылғанда немесе қайта басталғанда f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup құралын пайдалану кезінде жылжу жəне таңдау жасау үшін компьютердегі пернелерді басу қажет.
Құпиясөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
74 Бап 10 Қауіпсіздік