HP Laptop User's Guide - Linux
DriveLock қорғау мүмкіндігін ішкі қатты дискіге қолдану үшін, Computer Setup бағдарламасында
пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді орнату керек. DriveLock қорғау мүмкіндігін
пайдалану кезінде келесі ақпаратты ескеріңіз:
●
DriveLock қорғау мүмкіндігі ішкі қатты дискіге қолданылғаннан кейін, қатты дискіге кіру үшін
пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді енгізу қажет.
●
Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты
дискінің күн сайынғы пайдаланушысы
болғаны жөн. Басты құпия сөздің иесі жүйе əкімшісі немесе компьютердің күн сайынғы
пайдаланушысы болуы мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзі мен басты құпия сөз бірдей бола алады.
●
Пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді DriveLock қорғау мүмкіндігін қатты
дискіден алып тастау арқылы жоюға болады. DriveLock қорғау мүмкіндігін қатты дискіден
басты құпия сөзбен
бірге ғана жоюға болады.
DriveLock құпия сөзін басқару
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде
берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
DriveLock Password (DriveLock құпия сөзі) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
4. Таңдалған дискіге DriveLock қорғау мүмкіндігінің қолданылуын растау үшін, DriveLock
сөзін растау өрісінде теріңіз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: DriveLock қорғау мүмкіндігін растау кезінде регистрді ескеру қажет.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты дискінің компьютерге (қосымша қондыру құрылғысына немесе сыртқы MultiBay орнына
емес) енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін) енгізу сұралған кезде, пайдаланушы құпия сөзін
немесе басты құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану
арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзді енгізудің 3 теріс əрекетінен кейін компьютерді өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне
əрекетті
қайта орындаңыз.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock
құпия сөзін пайдалану
Компьютерді бірнеше пайдаланушы қолданған кезде, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға
болады. Автоматты DriveLock құпия сөзі орнатылғаннан кейін, кездейсоқ пайдаланушы құпия
Computer Setup құралының автоматты DriveLock құпия сөзін пайдалану 77