HP Laptop User's Guide - Linux
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР зауыттық кескінін қалпына келтіруге арналған DVD дискісін сыртқы оптикалық диск
жетегіне енгізіп, компьютерді қайта бастаңыз.
3. Компьютер қайта басталып тұрған кезде, Computer Setup утилитасының жүктеу
параметрлерінің мəзірін ашу үшін f9 пернесін басыңыз.
4. Notebook Upgrade Bay (Ноутбукті жаңартуға арналған орын
) мүмкіндігін таңдаңыз.
5. Linux жүктеу мəзірінен Restore SLED HP-BNB preload image (SLED HP-BNB алдын ала
кескінін қалпына келтіру) пəрменін таңдау үшін төмен көрсеткі пернені, содан кейін enter
пернесін басыңыз.
6. Мына нұсқау берілгенде, көрсеткі пернелері арқылы Yes (Иə) параметрін таңдаңыз: Do
you want to start the System-Restore? (Жүйені қалпына келтіруді бастауды қалайсыз ба?)
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін, компьютерді қайта
бастаңыз, одан кейін f11 пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сіз негізгі амалдық жүйе орнатылған компьютеріңізді қатты дискідегі бөлімнен
немесе қалпына келтіру бөлімінен бастай алмасаңыз, амалдық жүйені қайта орнату үшін SUSE
Linux Enterprise Desktop Operating System (SUSE Linux компаниядағы жұмыс үстелдік амалдық
жүйесі) DVD дискісін сатып алатыныңыз жөн. Қосымша ақпаратты Worldwide Telephone
Numbers (Əлемдік телефон нөмірлері) кітапшасынан оқыңыз.
82 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру