HP Laptop User's Guide - Linux

ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, BIOS нұсқасын қарап шығу үшін, компьютерді қосыңыз немесе
өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін, одан кейін f1 пернесін басыңыз. Утилитадан шығу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы
болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату
барысында
мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерді тоқтата тұру немесе күту күйіне
ауыстырып қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Веб-браузерді ашады. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы
бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына
қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Бағдарламалық құрал мен драйверді жүктеуге арналған параметрді таңдап, «өнім»
жолағына компьютер үлгісінің нөмірін жазып, enter пернесін басыңыз. Компьютерде
орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына қол жеткізу
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Тізімдегі үлгілерден
арнайы өнімді таңдаңыз.
5. Қажет амалдық жүйені таңдаңыз.
6. BIOS бөліміне өтіңіз де, BIOS бағдарламалық құрал бумасын жүктеп алыңыз.
7. Жүктелетін BIOS бағдарламалық құрал бумасымен қамтамасыз етілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
Advanced System Diagnostics пайдалану
Advanced System Diagnostics (Кеңейтілген жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының
дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік
береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді:
Іске қосылу сынағыбұл сынақ компьютерді бастауға талап етілетін оның негізгі
бөліктерін талдайды.
Байқау сынағыбұл сынақ іске қосылу сынағын қайта орындайды жəне іске қосылу
сынағы барысында анықталмаған оқтын-оқтын мəселелер
бар-жоғын тексереді.
88 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics