Алғашқы жұмыс HP ноутбугі
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу ............................................................................... 29 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану ..................................... 30 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 30 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 30 Меңзегіш таяқшаны пайдалану .....
Қолдау ........................................................................................................................................................... 50 Қолдау қызметімен хабарласу ........................................................................................................ 50 Жапсырмалар ................................................................................................................................... 51 8 Техникалық сипаттамасы ....................................
viii
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі байланысын орнату 22-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да, тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді.
Құралдар Берілетін ақпарат Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасы HP Қолдау қызметінің телефон нөмірлері Бұл кітапша компьютермен қоса жеткізіледі. HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/ contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша (тек таңдаулы үлгілерде) Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Функциялар сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды.
Бөлік Сипаттама (5) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды. (6) Меңзегіш таяқшаның оң жақ түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Функциялар сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды. (7) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) (2) (3) (4) (5) (6) (7) 6 Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Caps lock шамы Қуат шамы Беспроводная сеть (Сымсыз байланыс) шамы Веб-шолғыш шамы Дыбысты өшіру шамы Num lock пернесінің шамы Бап 2 Компьютермен танысу ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Қосулы: Caps lock қосулы. ● Өшірулі: Caps lock өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік 8 Сипаттама (5) Дыбысты өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (6) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпаратты Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 26-бетте бөлімінен қараңыз.
Алдыңғы жағы ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Дисплейді ашу ысырмасы Компьютерді ашады. (2) Беспроводная сеть (Сымсыз байланыс) шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Бөлік (5) Сипаттама Қатты диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды. ЕСКЕРІМ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. (6) Үндеткіштер (2) SRS Premium Sound (тек таңдаулы үлгілерде) немесе SRS Premium Sound PRO (тек таңдаулы үлгілерде) көмегімен дыбыс шығарады.
Оң жағы ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бөлік (7) Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс. (8) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Бөлік (6) Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс. (7) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Сол жағы ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) 1394 порты Камкордер сияқты қосымша IEEE 1394 немесе 1394a құрылғысын жалғайды. (3) USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат өнімділігімен қамтамасыз етеді.
Артқы жағынан көрінісі ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 16 Сипаттама (1) RJ-11 (модем) ұясы Модемнің кабелін қосады. (2) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (3) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді немесе егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (3)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды.
Бөлік (8) Сипаттама Пернетақта жарығы Пернетақтаны, əсіресе нашар деңгейде жарықтандырылған бөлмеде, жарықтандырады. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімін қараңыз. Бұл ескертпелер анықтама жəне қолдау орталықтарында орналасқан.
Бөлік (6) Сипаттама Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Общение и чат (Сөйлесу жəне чат) > Веб-камера HP (HP вебкамерасы) тармағын таңдаңыз. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Астыңғы жағы ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (4) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс. 20 (2) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны шығарады.
Бөлік Сипаттама (8) Bluetooth бөлімі Bluetooth құрылғысын қолдайды. (9) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желі байланысын орнату ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: 22 ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Бар WLAN желісіне қосылу 24-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 24-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан, анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне берілген мəліметтерден қараңыз. Бар WLAN желісіне қосылу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін басыңыз. 4. Қажет WLAN желісін таңдаңыз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің біреуінің (3) тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі fn+esc 26 Сипаттама Жүйе ақпаратын көрсетеді.
Жылдам пернелер тіркесімі fn+f3 Сипаттама Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз. ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту күйіне қосылады жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
Пернетақталарды пайдалану Бұл компьютерде кірістірілген сандық пернетақта бар. Компьютерде қосымша сыртқы сандық пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақта да жұмыс істейді. Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану ЕСКЕРІМ: (1) Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады. ● Сандық пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің сандық функциясын пайдалану үшін, пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы: ● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта шамы жəне экрандағы дисплей белгішелері сенсорлы тақта күйін көрсетеді. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама Сары сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағының шегінде орналасқан Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз. 2.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
5 Күтім Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз. Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді.
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін 1. Қызмет көрсетуге арналған есікті оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз. 2. Қызмет көрсетуге арналған есіктің артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі кетіктерге енгізіңіз. 3.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
9. Қатты дискінің қосқышын бұрышта (3) көтеру үшін пластмасса кесіндісін пайдаланыңыз жəне дискіні компьютерден шығарып алыңыз (4). ProBook ноутбугінің қатты дискісін шығару үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 38 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 4.
Қатты дискіні орнату EliteBook ноутбугінің қатты дискісін орнату үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2) тегіс орналастырыңыз. 2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, пластмасса кесіндісін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз. 3. Қатты диск бұрандаларын бұрап қатайтыңыз (4). 4. Смарт-карта оқу құрылғысы (1) қатты диск үстінен тегіс орналастырылғанша оны бұрыңыз. 5.
8. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 9. Компьютерді қосыңыз. ProBook ноутбугінің қатты дискісін орнату үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 40 1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2) тегіс орналастырыңыз. 2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, пластмасса кесіндісін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз. 3. Қатты диск бұрандаларын бұрап қатайтыңыз (4). 4.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде ең соңғы нұсқаларға дейін жаңартуға кеңес береді. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/ country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға жеке файлдар мен қалталардың немесе бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау, жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) орнатылған оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша оптикалық диск жетегі арқылы жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Қалпына келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator бағдарламасы арқылы жасау HP Recovery Disc Creator бағдарламалық құралы қалпына келтіру медиасын жасаудың баламалы тəсілі болып табылады. Компьютердің параметрлері орнатылғаннан кейін қалпына келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator бағдарламасы арқылы жасай аласыз. Қатты диск зақымданған жағдайда бұл қалпына келтіру медиасы арқылы жүйені қалпына келтіруге болады.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде жасауға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. ● Сəйкес бағдарламаларда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында көрсетілетін параметрлеріңізді экран суретін жасау жолымен сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу (бастау) жəне бұрын жасалған жүйені қалпына келтіру дискілерін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) мүмкін болмаса, компьютерді қайта іске қосу жəне амалдық жүйені қалпына келтіру үшін, Windows 7 амалдық жүйесі DVD-дискісін сатып алуыңыз тиіс. Қосымша ақпаратты Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 48-бетте бөлімінен қараңыз. Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдарын пайдалану Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін 1.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдары пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған НР бағдарламаларын қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламаларды қайта орнату қажет.
3. Нұсқау берілгенде, кез келген пернетақта пернесін басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) құсбелгісін қойыңыз. 7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін мына əрекеттер орындаңыз: 1. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып алып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін салыңыз. 2.
7 Қолдау Қолдау қызметімен хабарласу Егер осы нұсқаулықта, HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығында немесе анықтама жəне қолдау орталығында берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, НР компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысыңыз: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html вебторабын қараңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сервистік жапсырма — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмір (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Үлгі сипаттары (тек таңдаулы үлгілерде) Қолдау қызметіне хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет.
8 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 – 95°F Жұмыссыз режимде -20 – 60°C -4 – 140°F Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 – 95% 5 – 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымсыз) Жұмыс ортасы 53
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 порты, анықтау 15 А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 51 Өнім кілті 51 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 12, 13 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 12, 13 Ə əрекет пернелері, анықтау 27 Б батарея, ауыстыру 34 батареяны шығару ысырмасы 20 батарея ұясы 51 анықтау 20 батарея шамы 10 бөліктер алдыңғы жағы 10 артқы жағы 16 астыңғы 20 дисплей 17 жоғарыдан қарағандағы көрінісі 4 оң жағы 12 сол жақ 15 В веб-камера 17, 19 веб-камера, анықтау 17, 19 веб-
меңзегіш құрылғылар, орнатудың таңдаулы параметрлері 30 меңзегіш таяқша 4 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 12, 13 Н нормативтік ақпарат сымсыз куəландыру белгілері 51 техникалық деректер жапсырмасы 51 О оқу құралы, смарт карта 15 оптикалық дискіні шығару түймешігі, анықтау 15 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 51 Өнім кілті 51 П пернелер esc 9 fn 9 Windows қолданбалары 9 Windows логотипі 9 функционалдық 9 пернелер тіркесімдері батарея заряды 27 дыбысты реттеу 27 пайдалану 26 сипаттама 26 Ұйқы 27 үндеткіш
S SIM карта ұясы, анықтау 20 Ы ысырма батареяны шығару 20 қызмет көрсетуге арналған есікті босату 20 І ішкі дисплей қосқышы 17, 18 ішкі микрофондар, анықтау 17, 18 Э экран жарықтығы пернелері B Bluetooth жапсырмасы 27 51 C caps lock шамы, анықтау 6 D DisplayPort, анықтау 12, 13 E eSATA порты 12, 13 esc пернесі, анықтау 9 ExpressCard ұясы 15 F f11 қалпына келтіру 48 fn пернесі, анықтау 9, 26 I ISP провайдері, пайдалану 23 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 51 N num lk пернесі, анықтау