The first HP laptop to run was Windows 7

Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f3 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын
жұмысыңызды сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер
күту күйіне
қосылады жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f3 пернелер тіркесімінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f3 пернелер
тіркесімімен ұйқы күйін емес, күту күйін қосатын етіп реттеуге болады. Windows амалдық
жүйелерінің барлық терезелерінде fn+f3 пернелер тіркесімі ұйқы режимі түймешігі болып
саналады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді
де ауыстыруы мүмкін.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 HP Power Assistant құралын іске қосады. Орнатылған барлық батареялардың заряд
мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареяның зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр
батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
Пернетақтаны пайдалану 27