The first HP laptop to run was Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
EliteBook ноутбугінің қатты дискісін шығару үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Смарт-карта оқу құрылғысы қатты дискінің үстінен орналасады. Осыған
байланысты, қатты дискіге кірмес бұрын, смарт-карта оқу құрылғысын шығарып алу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте
бөлімін қараңыз).
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 35-бетте
тарауын қараңыз).
5. Смарт-карта оқу құрылғысын компьютерден ажырату үшін, пластмасса ысырмасын/
дөңгелек ілгекті (1) компьютердің ортасына қарай тартыңыз.
6. Смарт-карта оқу құрылғысы (2) бұрышта орналасқанша оны компьютердің ортасына қарай
бұрыңыз.
7. Қатты дискідегі 3 бұранданы бұрап босатыңыз (1).
8. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискідегі (2) пластмасса кесіндісін
компьютерге қарай тартыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 37