The first HP laptop to run was Windows 7
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін үнемі
жасап жүріңіз.
●
Сəйкес бағдарламаларда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
көрсетілетін параметрлеріңізді экран суретін
жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді
қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
●
Дискілерге сақтық көшірме жасаған кезде, дискілердің (бөлек сатылады) мына түрлерінің
кез келгенін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе
DVD±RW. Қолданылатын дискілер түрі пайдаланылатын оптикалық диск жетегінің түріне
байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, оларды пайдалану дискілер
санын азайту үшін пайдаланады.
●
Сақтық көшірме жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш диск жетегіне салмай
тұрып нөмірлеңіз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірмелердің жасалуын орнату, жүйе кескінін жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
немесе жүйені қалпына келтіру дискісін жасау (тек таңдаулы үлгілерде) үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе ақаулығы немесе тұрақсыздығы туындаған жағдайда файлдарды қалпына келтіру үшін
компьютерде мына құралдар бар:
●
Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау
жəне қалпына келтіру құралы арқылы бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана
қалпына келтіре аласыз. Windows жүйесінің дұрыс басталуын болдырмауы мүмкін
мəселелерді шешу үшін Windows жүйесінің басталғанда қалпына келтіру құралын да
пайдалана аласыз.
● f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескін Windows амалдық жүйесін жəне
зауытта орнатылған бағдарламаларды қамтиды.
46 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру