User Guide - Windows 8

Table Of Contents
жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз
ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет. Жүйені
жөндеу медиасы (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді іске қосуға жəне жүйе тұрақсыз болған
немесе істемей қалған жағдайда амалдық жүйені жөндеуге қолданылады. Алғашқы жəне кейінгі
сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.
Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп теріп, Параметры (Параметрлер)
жəне Сохранить резервные копии файлов с историей файла (Файлдар журналы бар
файлдардың сақтық көшірмелерін сақтау) пəрмендерін таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск немесе желілік дискіге сақтауға
болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке файлдарды
Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (
бөлек сатылады)
пайдаланыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW.
Пайдаланылатын дискілер компьютерге орнатылған оптикалық жинақтағыш дискінің түріне
байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, қажетті қалпына келтіру
дискілер санын азайтады.
Дискілердің сақтық көшірмесін жасау кезінде əрбір дискіні сыртқы диск жетегіне салмастан
бұрын нөмірлеңіз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) пəрменін басып, көрсетілген параметрлер тізімінен таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу медиасын жасаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде).
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 101