User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүктеу кезіндегі қалпына келтіру құралының көмегімен
Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
f11
қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу
үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 103-бетте бөлімін
қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
Бастау экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын
таңдаңыз.
Жүктеу кезінде қалпына келтіру құралының көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні біржолата жойып, қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал
біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру
сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды
жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Бастау экранына п əрпін жазып, Проводник (Жетектеуші) пəрменін таңдаңыз.
немесе
Бастау экранына к деп жазып, одан кейін Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері тізімде болмаса, амалдық
жүйені жəне бағдарламаларды Windows 8 амалдық жүйесінің медиасы жəне «Драйверді
қалпына келтіру» дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады) қалпына келтіру керек.
Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 103-бетте бөлімін қараңыз.
3. Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта
бастаңыз. Windows қалпына келтіру ортасы (WinRE) тармағын ашу үшін, қайта бастау
түймесін басыңыз да, shift пернесін басып ұстап тұрыңыз.
4. Startup Repair (Басталғанда қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
102 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру