User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін:
1. Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру»
дискісін салыңыз.
2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына
келтіру үшін пайдалану
Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру
қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына
келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда
орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру функциясын пайдалану кезінде, жойылған стандартты
бағдарламалар тізімі сақталады жəне сізге қажет болуы мүмкін қолданбаларды оңай қайта
орнатуға мүмкіндік беріледі. Стандартты бағдарламаларды қайта орнату туралы нұсқаулар алу
үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз. Бастау экранына с
əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану барысында рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін Windows жүйесінің Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз. Бастау экранына с əрпін жазып, Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз.
Қалпына келтіру функциясын іске қосу үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ
бұрышына меңзерді жылжытыңыз.
2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер
параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында
Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз.
4. Восстановление ПК без удаления файлов (
Файлдарды жоймастан ДК қалпына келтіру)
ішінен Начало работы (Жұмысты бастау) пəрменін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату
Кейде, компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді
толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруды қалайсыз немесе жеке ақпаратыңызды алғыңыз
келеді. Осы бөлімде компьютерді оның бастапқы күйіне қайтару үшін жылдам əрі оңай əдіс
сипатталады. Бұл мүмкіндік арқылы барлық жеке мəліметтер, бағдарламалар мен параметрлер
жойылып, Windows жүйесі қайта орнатылады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл мүмкіндік арқылы мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесі
жасалмайды. Бұл мүмкіндікті пайдаланбас бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Бұл мүмкіндікті f11 пернесін басу арқылы немесе бастау экранында іске қоса аласыз.
104 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру