User Guide - Windows 8

Table Of Contents
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына
байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access)
технологиясы.
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі компьютердің
батарея ұясындағы жапсырмада берілген.
Кейбір мобильді желі операторлары
SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында
жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат
қамтылады. Кейбір компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала орнатылады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең
жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны
компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын енгізу
жəне шығару туралы ақпаратты SIM картасын салу жəне
шығару 25-бетте атты бөлімнен қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. Қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/go/
mobilebroadband мекенжайы бойынша (тек таңдаулы елдерде/аймақтарда) НР веб-торабынан
қараңыз.
SIM картасын салу жəне шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 51-бетте бөлімін
қараңыз).
Сымсыз желіге қосылу 25