User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде)
Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе
пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға
мүмкіндік береді.
Оң жақ жиекті сипау
Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерді шығарады жəне олар арқылы іздеу, ортақ
пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту
сияқты тапсырмаларды орындауға болады.
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз.
Үстіңгі жиекті сипау
Үстіңгі жиекті сипау қимылы бастау экранында қол жетімді бағдарламаларды ашуға мүмкіндік
береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға
байланысты əртүрлі болады.
Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 35