User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейінің пернелері тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы
пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз. Нұсқаулыққа қол
жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын
таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдары туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару
тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) параметрін
таңдаңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз.
Программные события
(Бағдарламалар оқиғалары) параметрінен дыбыс сигналы
немесе ескерту дыбысы сияқты кез-келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін
Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін
таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды
Windows жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз.
42 Бап 5 Мультимедиа