User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын видео дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернелерін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен
көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелері басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, əсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. Оформление и персонализация
(Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Тамаша нəтижелер алу үшін Дисплей ішінен
Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқыш ілгекті босатуға
арналған түймені басыңыз.
Intel сымсыз дисплейі (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды теледидарда сымсыз бөлісу мүмкіндігін
береді. Сымсыз дисплейді пайдалану үшін, сымсыз ТД адаптері (бөлек сатылады) қажет.
Сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі бар DVD дискісі Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмауы
мүмкін. (Бірақ сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі жоқ DVD дискісі ойнатылатын болады.) Сигнал
шығысын қорғау мүмкіндігі бар Blu-ray дискілері Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмайды.
Сымсыз теледидар адаптерін пайдалану туралы
толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплейді пайдаланбас бұрын сымсыз байланыстың компьютерде
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Бейне 45