User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты
сақтаңыз да, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз.
Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді.
Батареяны шығарып алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
3. Батареяны компьютерден (2) шығарып алыңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне
Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры
электропитания (Қуат параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану
параметрлерін таңдаңыз.
Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы
құрылғыларды
ажыратыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 51