User Guide - Windows 8

Table Of Contents
ExpressCard картансын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. ExpressCard картасын босату жəне шығарып алу:
а. ExpressCard картасын ашу үшін, оған ақырындап (1) басыңыз.
ə. ExpressCard картасын ұядан суырып алыңыз (2).
Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
ЕСКЕРІМ: Смарт карта термині осы тарауда смарт карталар мен Java™ карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт картажад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Өндірісте қолданылатын смарт карталар оқу құралдарымен (тек
таңдаулы үлгілерде) бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт
карталардың қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты Анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз. Бастау
экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз.
Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)57