User Guide - Windows 8

Table Of Contents
1394 құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз.
1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін 1394 кабелін компьютердегі 1394 портына
жалғаңыз.
Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі.
1394 құрылғысын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында м
құрылғысын шығарып алмас бұрын оны өшіріңіз.
ЕСКЕРТУ: 1394 қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін 1394 құрылғысын шығарып алған
кезде оны сымынан тартпаңыз.
1. 1394 құрылғысын шығарып алу үшін, ақпаратты жауып, құрылғымен байланысты барлық
бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Құрылғыны шығарып алыңыз.
eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
eSATA порты eSATA сыртқы қатты диск секілді қосымша өнімділігі жоғары eSATA құрамдасын
қосады.
Кейбір eSATA құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал жөнінде қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ eSATA порты қосымша USB құрылғысын қолдайды.
eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)61