User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер
санын ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға
болады.
ЕСКЕРІМ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB портына
(тек таңдаулы үлгілерде) жалғау керек.
USB дискісінің мынадай түрлері бар:
1,44 мегабайттық дискета салғыш
Қатты диск модулі
Сыртқы оптикалық диск (CD, DVD жəне Blu-ray)
MultiBay құрылғысы
Жалғау ұясын пайдалану (тек таңдаулы модельдерде)
Жалғау ұясы компьютерді қосымша жалғау құрылғысымен байланыстырады. Қосымша
қондыру құрылғысы компьютермен қолдануға болатын қосымша порттар мен ұялармен
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Мына сурет компьютеріңізден немесе жалғау құрылғысынан сəл өзгеше болуы
мүмкін.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану 63