Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012, 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................. 22 Сенсорлық тақтаны қосу жəне өшіру ............................................................. 23 Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану .................................................. 23 Түрту ................................................................................................ 23 Жылжу ......................................................................................
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек таңдаулы үлгілерде) ........................................................................................ 39 Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу .............................................................. 39 Пайдаланушы анықтайтын күту күйін қосу жəне шығу ................................. 39 Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау .............................................. 40 Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану .
Қатты дискілерді пайдалану ............................................................................................................ 55 Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде) .......................................... 55 Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою .............................................. 55 Қызмет көрсетуге арналған есікті алу ............................................................ 55 Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу ....................
Тазалау өнімдері .............................................................................................................. 77 Тазалау қадамдары ......................................................................................................... 78 Дисплейді тазалау ........................................................................................... 78 Компьютердің шеттері мен қақпағын тазалау ............................................... 78 Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау ........
Мəселелерді шешу ........................................................................................................................... 97 Компьютер қосылмайды .................................................................................................. 97 Компьютердің экраны бос ............................................................................................... 98 Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр ..........................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам қайту үшін пернетақтадағы Windows логотипті пернені басыңыз. Windows логотипі бар пернесін қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз.
Ақпаратты табу Компьютерде түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал орнатылған. Құралдар Берілетін ақпарат Орнату нұсқаулары буклеті ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Негіздері нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Осы нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Компьютер опциясын, одан кейін кепіл жəне қызметтер опциясын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments сайтын қараңыз. *Құрылғыға қатысты арнайы НР шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта келген CD/DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарынан табуға болады.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютердің жұмыс үстелі осы бөлімде берілген суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлық тақтаны қосады жəне сөндіреді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы ● Өшірулі: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы (тек таңдаулы үлгілерде). ● Сары: Сымсыз құрылғылардың барлығы өшірулі (тек таңдаулы үлгілерде). (2) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы. (3) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (4) Сенсорлы тақта шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік 6 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлық тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows логотипті перне Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows логотипі бар пернесін қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) (4) (5) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы Қуат шамы Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы Қатты диск жетегінің жарығы Үндеткіштер (2) ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы (тек таңдаулы үлгілерде). ● Сары: Сымсыз құрылғылардың барлығы өшірулі (тек таңдаулы үлгілерде). ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Медиа картаны оқу құрылғысы Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты сандық жад карталарынан оқиды жəне мəліметтерді карталарға жазады. (2) Қуат қосқышы ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін қосқышты жылжытыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін қосқышты аз уақыт жылжытыңыз. ● Компьютер күту күйінде болғанда, күту күйінен шығу үшін қосқышты аз уақыт жылжытыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (5) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) USB 3.0 порты Қосымша USB 3.
Бөлік Сипаттама (6) DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды. (7) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлаққаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша құлаққап микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды (тек таңдаулы үлгілерде). (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды (тек таңдаулы үлгілерде). (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді.
Бөлік 14 Сипаттама (6) Жалғау ұясы Қосымша жалғау ұясын жалғайды. (7) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрін ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРІМ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны орнына салыңыз. ЕСКЕРІМ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. 9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз. SIM картасын басып, картаны ұясынан шығарып алыңыз.
● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (таңдаулы үлгілерде ғана) пайдалану арқылы шарлау мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Windows 8 негіздері нұсқауы компьютермен бірге қамтылады. Нұсқау сенсорлық тақта, сенсорлы экран не пернетақта арқылы жалпы тапсырмалар бойынша ақпаратты қамтамасыз етеді.
Сенсорлық тақтаны қосу жəне өшіру Сенсорлық тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймесін екі рет түртіңіз. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (таңдаулы үлгілерде ғана) меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз. Сенсорлық тақта бірқатар əрекеттерді қолдайды.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта ауқымында бөлек орналастырып, жоғарыдан төменге, солдан оңға апарыңыз. Қысу/ұлғайту Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. 24 ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта ауқымына бірге қойып, олардың арасын аша отырып жылжытыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Нысанға меңзерді апарыңыз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде) Сызу экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз. Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде) Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға мүмкіндік береді.
Оң жақ жиекті сипау Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусақты оң жақ жиектен сипаңыз. Үстіңгі жиекті сипау Үстіңгі жиекті сипау қимылы бастау экранында қол жетімді бағдарламаларды ашуға мүмкіндік береді.
Сол жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау жуықта ашылған қолданбалар арасында жылдам ауысыуға жəне оларды ашуға мүмкіндік береді. ● Жуықта ашылған қолдабалар арасында жылжу үшін сенсорлы тақтаның сол жиегінен жайлап сипаңыз. Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функциларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Пернеле р тіркесімі Перне Сипаттама Ашық бағдарламадан не жұмыс үстелінен Бастау экранына қайтарады. Windows логотипі бар пернесін қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз. + c Шебер түймелерді ашады. + d Windows жұмыс үстелін ашады. + tab Ашық бағдарламалар арасында ауыстырады. ЕСКЕРІМ: Бұл пернелер тіркесімін қажет бағдарлама ашылғанша басып тұрыңыз. alt + f4 Белсенді бағдарламаларды жабады.
Пернелер тіркесімі fn+f3 Сипаттама Уақытша ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін жылдам сырғытыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, күту режимін қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. ЕСКЕРІМ: Ұйқы режимінде тұрған компьютердің батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту режиміне өтеді, ал жүйелік жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, орнатылған сандар пернетақтасын қосады жəне өшіреді. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Орнатылған сандар пернетақтасы Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтадағы əр перненің жоғары оң жағындағы таңбамен көрсетілген функцияны орындайды.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы: ● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Осы нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, менің компьютерім опциясын, одан кейін қолданушы нұсқаулығы опциясын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: болады.
Веб-камера (таңдаулы үлгілерде ғана) Кейбір компьютерлерде орнатылған веб-камера бар. Алдын-ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камераys пайдалануға болады. Фотосуреттерді немесе бейне жазбаны қарап шығуға немесе сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. VGA дисплей құрылғысын сыртқы монитор портына жалғау: 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін 1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын видео ұясына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Көшірме: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймесі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймесі термині осы нұсқаулықта қуатты басқарудың екі түрі үшін қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде тұрса, желіге қосылудың кез- келген түрін қосe немесе компьютердің кез-келген функцияларын орындау мүмкін болмайды.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз. 4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін таңдаңыз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
Батарея қуатын пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның қуат аяқталу уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп қуатсыздану уақыты батареяның сақтау сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Пайдаланушы ауыстыра алатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста болмағанда немесе қуатталып тұрмаса, батареяны компьютерден шығарып қойыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Қуат көзі болмаса жəне батарея қуатының деңгейі төмен болса, жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. Батареяны салу жəне шығарып алу Батареяны салу үшін: 1. Батарея ұясына батареяны салыңыз (1). 2. Батареяны оның орнында бекіту үшін, батареяны шығару ысырмасын (2), одан кейін батареяны құлыптау ысырмасын (3) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз. 2. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса, пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз. Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары парақшасынан қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыруға болатын батареясы бар компьютерлерге қатысты. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Смарт карта термині осы тарауда смарт карталар мен Java™ карталарының екі түрін білдіреді. Смарт карта – жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал.
Смарт-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютеріңіздің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне қосыңыз. 3. Құрылғыны өшіріңіз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану 53
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Драйвтарын қолданбас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер оларды қолдану қадамдарында қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: 54 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қосқанда немесе алмастырғанда, алдымен жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (2) қарай сырғытып, оны (3) алыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұялары, қатты диск пен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін: 56 1. Қызмет көрсетуге арналған есікті оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз. 2.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті бекіту үшін оның бұрандасын (3) бұрап қатайтыңыз. 5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте қараңыз). Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
7. Ілгекті ұстап, қатты дискіні (2) орнынан көтеріп шығарыңыз. Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін: 58 1. Қатты дискіні (1) орнына отырғанша диск ұясына салыңыз. 2. Қатты дискіні бекіту үшін оның 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 55-бетте бөлімін қараңыз). 4. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте бөлімін қараңыз). 5. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 6. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды: ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмысына қайтарады.
Компьютерді жылжытпас бұрын, HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе күту режиміне не ұйқы режиміне ауыстыруға кеңес береді. HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралы келесі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді: ● HP 3D DriveGuard құралын қосу жəне ажырату. ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы құқықтарына байланысты, HP 3D DriveGuard құралын қосу немесе ажырату мүмкіндігіңіз болмауы ықтимал.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін, көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөз Қызмет Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. *Windows əкімші құпия сөзі немесе Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпарат алу үшін, Бастау экранына анықтама деп жазып, Анықтама жəне қолдау тармағын таңдаңыз. Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
Құпия сөз Қызмет Зауыттық əдепкі параметрлерге орнатылған TPM (тек таңдаулы үлгілерде) Жоқ/Иə ● Егер əкімші құпиясөзі орнатылмаған болса немесе TPM Security Device (ТРМ қауіпсіздік құрылғысы) опциясы Hidden (Жасырын) параметріне орнатылған болса, бұл опция көрінбейді.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз. 5. Нұсқау берілгенде, растау үшін, жаңа құпия сөзді қайта теріңіз. 6. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз. Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS administrator password (BIOS əкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзі енгізу əрекеті 3 рет қатар сəтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
5. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз. Автоматты DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар – тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзін тағайындау керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп, жүйеге кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде вебсайттар мен басқа да бағдарламалардың құпия сөзін енгізу үшін пайдалануға болады.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 76 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің бүлінуін болдырмау үшін, оны майыстырмаңыз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 55-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ шүберек) ● Жұмсақ шүберек сүрткілер ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, метилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq жүктеу құралын пайдалану HP SoftPaq жүктеу (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты драйвты мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары шыққанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере аласыз.
Жаңартуды бастау үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету үшін «Бастау» экранынан экранның үстіңгі оң жағына немесе төменгі бұрышқа тінтуірді апарыңыз. 2. Параметрлер басыңыз. 3. Экранның төменгі оң жақ бұрышында ДК параметрлерін өзгерту басып, ДК параметрлері экранынан Жалпы басыңыз. 4. Refresh your PC without affecting your files (Файлдарды жоймастан ДК қалпына келтіру) астынан Жұмысқа кіріскенде таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP бағдарлама орнату жүйесін пайдалану HP бағдарлама орнату жүйесі драйверлерді қайта орнату немесе бүлінген немесе жүйеден алынып тасталған бағдарламаны таңдау үшін қолданылады. 1. Бастау экранында HP Software Setup (НР бағдарламалық құралдарды орнату) деп теріп, Apps (қолданбалар) тармағын таңдаңыз. 2. HP бағдарлама орнату жүйесін ашу 3. Драйверлерді қайта орнату немесе бағдарлама таңдау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
12 Компьютерді орнату (BIOS) жəне жетілдірілген жүйе диагностикалары Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Шығу таңбасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне жебе пернелердің көмегімен Файл > Өзгертулерді елемеу жəне шығу пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар. BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек. BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (ROM күні жəне BIOS жүйесі) деп те аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде) немесе компьютерді орнату қызметі арқылы көрсетуге болады. 1.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен ақылдасыңыз. BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына е əрпін жазып, File explorer (файл іздегіш) пəрменін таңдаңыз. 2. Қатты диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз.
Жүйе ақпараты мен тіркелген қателерді жетілдірілген жүйе диагностикасы терезесінен қарап шығуға болады. Жетілдірілген жүйе диагностикасы құралын бастау үшін: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін басыңыз. 2.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз: http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
94 Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын -15 м - 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12 192 м арасында -50 фут пен 40 000 фут арасында Бап 14 Техникалық сипаттамасы
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-сайттар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Анықтама жəне қолдау орталығынан табасыз. Бастау экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша құралдарды да ұсынады. ● HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:http://www.hp.com/go/contactHP.
Компьютердің экраны бос Компьютер өшірілмеген, бірақ экран бос болса, төмендегі параметрлердің бірі немесе бірнешеуі осының себебі болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқы режимінде болуы мүмкін. Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз. Ұйқы режимі дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқы режимі компьютер қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
ЕСКЕРІМ: Екі дисплейді де қолданғанда, DVD бейнесі қосалқы дисплей ретінде тағайындалған дисплейдің ешбірінде көрінбейді.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу – екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 71 шығарып алу 72 айнымалы ток адаптері, тексеру 47 айнымалы ток адаптерін тексеру 47 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 99 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 11 аудио функциялар, тексеру 34 аудио функцияларды тексеру 34 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 11 Ə əкімші құпия сөзі 63 əрекет пернелері, анықтау 30 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 54 Б бағдарламалық құрал антивирус 72 Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 59 желіаралық қалқан 72 маңызды
экран жарықтығын арттыру 30 экран кескінін ауыстырып қосу 30 И Интернет байланысын орнатқыш 17 К кабельдер USB 51 келбет тану 62 Келбетін тану 35 компьютер, сапарға шығу 44, 95 компьютерге күтім көрсету 77 компьютерді өшіру 38 компьютерді сапарға алып шығу 44, 92, 95 компьютерді тазалау 77 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 84 корпоративтік WLAN қосылымы 18 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 30 Күту қосу 39 шығу 39 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 59 кірістірілген веб-ка
порттар DisplayPort 11, 36 VGA 36 сыртқы монитор 10, 36 Р реттеу утилитасы зауыт параметрлерін қалпына келтіру 87 шарлау жəне таңдау 86 С сандық карта қолдауы бар пішімдер 48 салу 48 шығарып алу 48 саусақ ізін оқу құрылғысы 6, 74 сенсорлы тақта қосу/өшіру түймешігі 6 пайдалану 22 түймешіктер 4 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 4 Сенсорлы тақта қимылдары айналдыру 25 жылжу 24 қысу 24 масштабтау 24 сенсорлы тақтаның айналдыру қимылы 25 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 24 сенсорлы тақтаның қысу қимылы 24 сенсорлы та
C caps lock шамы, анықтау 5 Computer Setup BIOS əкімші құпия сөзі 65 DriveLock құпия сөзі 67 зауыт параметрлерін қалпына келтіру 87 шарлау жəне таңдау 86 D DisplayPort, анықтау 11 DisplayPort, жалғау 36 DriveLock құпия сөзі енгізу 69 орнату 68 өзгерту 70 сипаттама 67 шығарып алу 71 E esc пернесі, анықтау 7 F f11 қалпына келтіру 82 fn пернесі, анықтау 7, 29 G GPS 20 H HP 3D DriveGuard 60 J Java картасы анықталған 49 салу 49 шығарып алу 50 N num lk пернесі, анықтау 31 num lock, сыртқы пернетақта 32 num lock п