HP ноутбугі Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану .............................................. 21 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану ..................................... 21 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................................. 21 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................................... 22 Шарлау .......................................................................
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ...... 36 Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу ................................................................................................ 36 Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу ................................................................................................ 36 Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу ..........................................................
10 Қауіпсіздік ................................................................................................................................................... 55 Компьютерді қорғау .......................................................................................................................... 55 Құпиясөздерді пайдалану ................................................................................................................ 55 Амалдық жүйеде құпия сөздерді орнату ........................
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату ............................................ 72 Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес динамикалық түрде таңдау ............................................................................................................................... 73 MultiBoot Express кеңестерін орнату ............................................................................... 73 MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу .................................
x
1 Қош келдіңіз Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі байланысын орнату 15-бетте бөлімінен қараңыз. ● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 20-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату ● Компьютер бөліктерін анықтау Linux анықтамасы ● Компьютердегі бағдарламалық құралдар Linux анықтамасы бөліміне кіру үшін, Компьютер (Компьютер) > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Жұмыс үстеліндегі Документы HP (НР құжаттары) белгішесін екі рет нұқыңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймесі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер тоқтата тұру режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе ұйқы күйінде. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Микрофон дыбысын өшіру шамы ● Сары: Микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: Микрофон дыбысы қосулы. (4) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту режимінде болғанда, күту режимінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбысты өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпиясөз арқылы кірудің орнына, жүйеге саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді. Пернелер Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функция пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) (4) 8 Сипаттама Сымсыз байланыс шамы Қуат шамы Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы Қатты диск шамы Бап 2 Компьютермен танысу ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы: ● Сары: Сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер күту режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе ұйқы күйінде.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Жад картасын оқу құрылғысы Мəліметтерді сақтау, басқару, ортақ пайдалану немесе кіруге арналған қосымша жад карталарын қосады. (2) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысына қосылады. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 49-бетте бөлімінен қараңыз.
Артқы жағынан көрінісі Бөлік (1) Сипаттама USB 3.0 порты Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат өнімділігімен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 49-бетте бөлімінен қараңыз. (2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Ақ: Компьютер сыртқы қуатқа қосылды. ● Өшірулі: компьютер сыртқы ток көзіне қосылмаған.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбысты жазу. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданыста. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерге түсіреді. (5) Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, күту күйін қосады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны босату ысырмасы Батареяны шығарады. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (3) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (4) Қосымша батарея қосқышы Қосымша батареяны қосады. (5) Қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату құлпы Қызмет көрсетуге арналған қақпақты құлыптайды. (6) Қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату ысырмасы Қызмет көрсетуге арналған қақпақты компьютерден ашады.
Бөлік (7) Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (8) Қызмет көрсетуге арналған қақпақ Қатты диск ұясына кіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, сымсыз LAN (WLAN) модулі ұясы мен жад модулі ұялары орналасады.
3 Желі байланысын орнату Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Бар WLAN желісіне қосылу 16-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 17-бетте атты бөлімнен қараңыз. ● Сымды — Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу туралы ақпарат алу үшін Сымды желіге қосылу 19-бетте бөлімін қараңыз.
Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Сымсыз байланыс пернесін сымсыз желілік контроллердің жəне Bluetooth контроллерінің екеуін бір уақытта өшіру мен қосу үшін пайдаланыңыз. Оларды Басқару орталығы немесе Компьютерді орнату арқылы жеке-жеке басқаруға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN желілерінің тізімі көрсетілмесе жəне желіңіз жасырын болмаса, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртындасыз. Егер сіз қосылғыңыз келетін желіні көрмесеңіз, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басып, Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN жүйесін қорғау үшін мынадай сақтық шараларын орындауға болады: ● Желіаралық қалқанды пайдалану— деректерді жəне желіге жіберілетін деректер сұрауларын тексереді жəне күдікті элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының Help (Анықтама) бөлімінен қараңыз. Сымды желіге қосылу Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8-істікшелі, RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Жылдам перне - fn пернесі мен функционалдық пернелердің тіркесімі. ЕСКЕРІМ: Жылдам пернелердің орналасқан жерлері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. жылдам пернелер тіркесімі fn+f3 Сипаттама Күту күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды.
жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның жарықтандырғышы зауытта іске қосылады. Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз. Пернетақталарды пайдалану Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану ЕСКЕРІМ: Кірістірілген сандық пернетақтаның орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары жəне төмен жылжу үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдардың əрқайсысы туралы ақпарат көру үшін 1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) белгішесін басыңыз. 3. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасында құрылғыны нұқып, Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз. 4.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Нысанға меңзерді апарыңыз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Біріктірілген веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді: ● Музыка ойнату. ● Дыбыс жазу. ● Интернеттен музыканы жүктеу. ● Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Аудио функцияларын тексеру Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз. 3. Звуковые эффекты (Дыбыс əсерлері) қойыншасын ашыңыз, одан кейін дыбыс түрлерінің əрқайсысын тексеру үшін Выбрать звук уведомления (Ескерту дыбысын таңдау) терезесінен дыбыс түрлерінің біреуін таңдаңыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелерін басу арқылы параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік беріледі.
Егер сыртқы монитор fn+f4 пернелері басылғаннан кейін анықталмаған болса жəне AMD графикалық картасы орнатылған болса, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Дополнительные приложения (Қосымша бағдарламалар)> Система (Жүйе) > ATI Catalyst Control Center (с правами суперпользователя (ATI Catalyst басқару орталығы (суперпайдаланушы ретінде)) тармағын таңдаңыз. 2. Түбірлік құпия сөзді теріңіз. 3. Оң жақ аймақта Display Manager (Экран реттегіші) пəрменін таңдаңыз. 4.
30 ● Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
6 Қуатты басқару Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Күту режимін қосу жəне одан шығу Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша күту режимі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады. Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады. Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту режимін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Дисплейді жабыңыз.
Қуат белгішесін қолдану Питание (Қуат) белгішесі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Питание (Қуат) белгішесі қуат параметрлерін жылдам ашуға, батарея зарядының қалған деңгейін көруге жəне басқа қуат жоспарын таңдауға мүмкіндік береді. ● Қалған батарея зарядының пайыздық мөлшерін көрсету үшін Питание (Қуат) белгішесін нұқыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз. Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Батареяны зарядтау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. Батарея компьютер сыртқы ток көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады. Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер өшірілген кезде ол тез зарядталады.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріп тастаңыз. Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды.
Батарея қуатын үнемдеу ● Сымсыз жəне жергілікті желі (LAN) қосылымдарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Дисплей жарықтығын азайтыңыз. ● Компьютер пайдаланылмаған кезде күту режимін не ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
7 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, күту режимін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу немесе қайта қою ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына орналастырыңыз. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салу үшін: 1. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз. 2. Қызмет көрсетуге арналған қақпақтың артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі кетіктерге енгізіңіз. 3.
Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығарып алу үшін 42 1. Жұмысыңызды сақтаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерде айнымалы ток қуатын өшіріп, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. 4. Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз. 5. Батареяны алып тастаңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 6. Қатты дискідегі 3 бұранданы бұрап босатыңыз (1). Қатты дискіні ажырату үшін оның құлақшасын (2) сол жаққа тартыңыз. 7.
Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін 1. Қатты дискіні (1) оның ұясына бұрышта енгізіп, орнына салыңыз. 2. Қатты дискті жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді компьютердің ортасына қарай тартыңыз (2). 3. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз. 4. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу немесе қайта қою 40-бетте бөлімін қараңыз). 5. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 6.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Жад карталарын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық камералармен жəне PDA құрылғыларымен, сондай-ақ, компьютерлермен қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан шығарып алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Смарт карта термині осы тарауда смарт карталар мен JavaTM карталарының екі түрін білдіреді. Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал.
Смарт картаны енгізу 1. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу құралына жайлап салыңыз. 2. Компьютерге смарт картаның PIN коды арқылы кіру жөніндегі экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз. ExpressCard карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ExpressCard – өнімділігі жоғары дербес компьютер картасы, ол ExpressCard ұясына салынады.
ExpressCard параметрлерін реттеу Картаға қажет бағдарламалық құралды ғана орнатыңыз. Егер ExpressCard картасы өндірушісінің нұсқаулары бойынша құрылғы драйверлерін орнату қажет болса: ● Амалдық жүйеге қажет құрылғы драйверлерін ғана орнатыңыз. ● Амалдық жүйеде ExpressCard карталарына қолдау көрсетіледі. Қажет болған жағдайда ғана қосымша бағдарламалық құралды орнатыңыз. Сенімді болмасаңыз, сатушыдан ақпарат сұраңыз немесе НР қолдау қызметімен хабарласыңыз.
2. Картаны ExpressCard ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз. ExpressCard картасын алып тастау ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Мəліметтеріңізді сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. ExpressCard картасын алып тастау үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2.
USB құрылғысын пайдалану Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін 3 USB порты бар.
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
Қондыру қосқышын пайдалану Қондыру қосқышы арқылы компьютер қосымша қондыру құрылғысына қосылады. Қосымша қондыру құрылғысы компьютермен бірге пайдаланылуы мүмкін қосымша порттармен жəне қосқыштармен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз немесе қондыру құрылғысының көрінісі мен төменде көрсетілген сурет сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
9 Жад модульдері Компьютерде бір жад модулі бөлігі бар. Бос болған кеңейткіш жад модульдерінің ұяларына бір немесе бірнеше жад модулін қосу немесе негізгі жад модулінің ұясындағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап, (2), модульді ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз. а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. 8. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салыңыз. (Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу немесе қайта қою 40-бетте бөлімін қараңыз.) 9. Батареяны орнына салыңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз.) 10. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
10 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын əдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз. ● Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз. ● Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз. Əдетте қолданылатын құпия сөздер тізімі келесі кестелерде беріледі жəне олардың функциялары сипатталады.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
DriveLock қорғау мүмкіндігін ішкі қатты дискіге қолдану үшін, Computer Setup бағдарламасында пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді орнату керек. DriveLock қорғау мүмкіндігін пайдалану кезінде келесі ақпаратты ескеріңіз: ● DriveLock қорғау мүмкіндігі ішкі қатты дискіге қолданылғаннан кейін, қатты дискіге кіру үшін пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді енгізу қажет. ● Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күн сайынғы пайдаланушысы болғаны жөн.
енгізген кезде, бұл кездейсоқ пайдаланушы мен DriveLock басты құпия сөзі дискінің бұғаттауын алу үшін пайдаланылатын болады. ЕСКЕРІМ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS əкімші құпия сөзі сізде болуы тиіс. Автоматты DriveLock құпия сөзін басқару Computer Setup утилитасында автоматты DriveLock құпия сөзі мүмкіндігін қосу немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1.
ЕСКЕРІМ: Желіаралық қалқан параметрлерін өзгерту кезінде, түбірлік құпия сөзді енгізу сұралады. Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін.
3. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысы) тармағын таңдаңыз. 4. Использовать устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану) құсбелгісін қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Саусағыңыздың ізін тіркеу үшін, пайдаланушыларды басқару утилитасын ашу қажет.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет. Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Сақтық көшірмелер жасау 1.
сыртқы диск, желілік диск немесе жинақтағыш дискілерде қолмен жасауға болады. Мына жағдайларда жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз: ● Жүйелі жоспарланған кесте бойынша ● Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын ● Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын Бастапқы каталогыңыздағы файлдардың сақтық көшірмесін Сақтық көшірме реттеушінің параметрлері арқылы жасау үшін: 1.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі мазмұнды толығымен жояды да, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Recovery (Қалпына келтіру) құралы бастапқыда орнатылған амалдық жүйені, НР бағдарламаларын жəне зауытта орнатылған драйверлерді қайта орнатады.
– немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. Мына опциялардан таңдауға болады: ● Болдырмау/қайта жүктеу опциясы жүйені қайта жүктейді. Қалпына келтіру немесе бастапқы күйіне келтіру процедурасы жүзеге асырылмайды. ● Жүйені қалпына келтіру/жөндеу опциясы арқылы дұрыс жұмыс істемейтін жүйе жөнделеді жəне пайдаланушы ақпараты сақталады. ● Зауыттық жүйеге қалпына келтіру опциясы арқылы амалдық жүйе бастапқы зауыттық күйіне келтіріледі. Пайдаланушы ақпараты сақталмайды.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Тізімдегі үлгілерден арнайы өнімді таңдаңыз. 5. Қажет амалдық жүйені таңдаңыз. 6. BIOS бөліміне өтіңіз де, BIOS бағдарламалық құрал бумасын жүктеп алыңыз. 7. Жүктелетін BIOS бағдарламалық құрал бумасымен қамтамасыз етілген орнату нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
13 MultiBoot Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
Computer Setup утилитасында жүктеу құрылғыларын қосу Егер USB құрылғысы немесе NIC картасы Computer Setup утилитасында қосылған болса, компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады. Computer Setup утилитасын бастап, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысы ретінде қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Жүктеу ретін өзгерту Жүктеу ретін өзгертпес бұрын мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз: ● Жүктеу реті өзгертілгеннен кейін компьютер қайта басталған кезде, жаңа жүктеу реті пайдаланылады. ● Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі. Мысалы, егер компьютер қатты дискісі бар қосымша қондыру құрылғысына жалғанған болса, бұл қатты диск жүктеу реті тізімінде USB қатты дискісі атымен көрсетілетін болады.
3. Legacy Boot Order (Жалпы жүктеу реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны немесе көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз. – немесе – Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз. 5.
енгізіңіз. («0» мəні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мəзірі көрсетілмейді.) 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер электр розеткасына қосылған болса, электр қуаты көзінің жұмысын тексеру үшін бұл розеткаға басқа электр құрылғысын жалғаңыз.
Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған төмендегі əрекеттерді орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Төтенше өшіру іс-əрекеті салдарынан сақталмаған ақпарат жоғалады. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемей отыр Егер сымсыз желі қосылысы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз. ● Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз. ● Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
– немесе – ◦ Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести (Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта бастауыңыз қажет. Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2.
Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Күту режимінен немесе ұйқы күйінен шығыңыз. ● Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз. ● Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз. ● Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлмеде сипатталған жапсырмалар компьютер үлгісіне байланысты 3 орынның бірінде орналасады: Компьютердің түбіне жабыстырылған, батарея орнында немесе қызмет көрсетуге арналған қақпақтың астында орналасқан. Бұл орналасу орындарын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Бөлік (3) Сериялық нөмір (4) Өнім нөмірі ● Техникалық деректер жапсырмасы компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куəландыру белгісі немесе белгілер (тек таңдаулы үлгілерде) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы жəне құрылғылар қолдану үшін бекітілген кейбір мемлекеттер мен аймақтардың мақұлдау таңбаларын береді.
ə Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
б Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
в Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы; мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.