Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel белгісі – АҚШ жəне басқа мемлекеттердегі Intel Corporation компаниясының сауда белгісі. AMD — Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Intel — Intel Corporation корпорациясының АҚШ мемлекетіндегі жəне басқа елдердегі сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 HP жылдам бастау (таңдаулы үлгілерде ғана) ................................................................................ 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ..............................................................
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ................................................................................................. 23 Мультимедиа мүмкіндіктері ............................................................................................................. 23 Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ..................................................................... 24 Дыбысты пайдалану .............................................................................................
Əрекет пернелерін пайдалану ........................................................................ 41 Microsoft Windows 8 төте жол пернелерін қолдану ....................................... 42 Пернелер тіркесімдерін пайдалану ................................................................ 43 Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану .............................................................. 44 6 Қуат басқару ...........................................................................................
Оптикалық диск жетектерін пайдалану ........................................................................................... 58 Оптикалық дискіні салу .................................................................................................... 59 Науалық салғыш .............................................................................................. 59 Оптикалық дискілерді шығарып алу ............................................................................... 59 Науалық салғыш ..........
10 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ........................................ 75 Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау ........................................................................................... 75 BIOS нұсқасын жаңарту ................................................................................................................... 75 BIOS нұсқасын анықтау ..................................................................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз. HP жылдам бастау (таңдаулы үлгілерде ғана) HP Быстрая загрузка (Жылдам бастау) белгішесі Windows жұмыс үстелінің əдетті Пуск (Бастау) мəзірін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қызықты əрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube бейнесін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты HDMI құрылғысын жалғау 27-бетте бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей эфирдегі радионы орнатып, бүкіл əлемдегі радио арналарының музыкасы мен бағдарламаларын тыңдай алатыныңызды білесіз бе? Дыбысты пайдалану 25-бетте бөлімін қараңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мəліметтер, əдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін осы кестені көріңіз.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрменін таңдаңыз немесе http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: 1. Бастау экранына п əрпін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз жəне жүйе аймағында Диспетчер устройств (Құрылғы реттеушісі) пəрменін басыңыз. Компьютерде орнатылған барлық құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады.
Бөлік (4) Сипаттама USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 55-бетте бөлімінен қараңыз. (5) Oптикалық диск жетегі Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (6) Oптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймешігі Оптикалық диск жетегін ашады.
Сол жақ Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер батарея қуатымен жұмыс істеуде. (3) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Iшкі микрофондар (2) Дыбысты жазады. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) HP TrueVision ажыратымдылығы жоғары веб-камерасы Бейне ағыны мүмкіндігімен бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге жəне бейне конференциялары мен желіде əңгімелесу сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Жоғарғы жағы сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Саусақты жиектен жылжыту 35-бетте бөлімінен қараңыз. 10 (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады.
Түймешік пен үндеткіштер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік 14 Сипаттама (1) Батареяны құлыптау ысырмасы Батареяның құлпын ашады. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады.
Бөлік Сипаттама (4) Желдеткіштер (6) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (5) Қызмет көрсетуге арналған есік Сымсыз LAN (WLAN) жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді.
Бөлік (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік 16 (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) (5) Нұсқа нөмірі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куəлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін Бастау экранында h əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау опциясын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының PAN желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды жергілікті желіге (LAN) қосылу Компьютерде желілік кабель (бөлек сатып алынады) пайдаланылатын сымды жергілікті желі жұмыс істейді.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз. Жергілікті желіге қосылу үшін 8 істікшелі RJ-45 (желі) кабелі қажет. Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама (4) Oптикалық диск жетегі Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (5) USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 55-бетте бөлімінен қараңыз. (6) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/ Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранында h əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау опциясын таңдаңыз. Дыбысты пайдалану Компьютеріңізде музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранында s əрпін жазып, Дыбыс жазу пəрменін таңдаңыз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. 3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз. Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. 2.
2. VGA кабелін монитор не проектордан компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 3. Экрандағы суретті 3 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз. Бұл үш күй: ● экрандағы кескінді компьютерден көру; ● экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан көру (монитор не проектор); ● Экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. HDMI құрылғысын жалғау ЕСКЕРІМ: болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики/НР (Үндеткіштер/НР) параметрін таңдаңыз. 3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша бірнеше əдіспен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Пернетақта жəне тінтуір Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Компьютермен бірге берілген Windows 8 Basics нұсқаулығын қараңыз.
Қимылды ажырату немесе қосу үшін: 1. Synaptics TouchPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) экранында, ажыратқыңыз немесе қосқыңыз келген қимылға құсбелгі қойыңыз немесе оны алып тастаңыз. 2. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз. – немесе – Сенсорлы тақта саусақтар арқылы экрандағы меңзерді басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады.
32 Бап 5 Экранда шарлау
Жылжу Жылжу қимылы — бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағында аздап алшақ орналастырып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға сүйреңіз. Шымшу/масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Бір нысанға меңзерді апарып, сол қолдың сұқ саусағымен сенсорлы тақта аймағында ілмек жасаңыз. Оң қолмен сұқ саусақты оңға қарай 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру нысанды немесе суретті басқаруға болатын белгілі бір қолданбаларға арналған. Айналдыру қолданбалардың барлығында жұмыс істей бермеуі мүмкін.
Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде) Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Сенсорлы тақта аймағына үш саусақты қойып, жеңіл, жылдам қозғалыспен саусақтарыңызды жоғары, төмен, солға немесе оңға жүргізіп өтіңіз. Саусақты жиектен жылжыту Жиектерден жүргізіп өту параметрлерді өзгерту жəне қолданбаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы компьютерде қол жетімді Все программы (Барлық бағдарламалар) опциясын ашуға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қолданба белсенді болған кезде, үстіңгі жиектегі қимыл қолданбаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін, саусақты үстіңгі жиектен жылжытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту жуықта ашылған қолданбалар арасында жылдам ауысуға жəне оларды ашуға мүмкіндік береді.
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады.
Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз. Шымшу/созу Қысу жəне созу қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. 38 ● Үлкейту үшін, екі саусақты дисплейде бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты шеңбер бойынша сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру нысанды немесе суретті басқаруға болатын белгілі бір қолданбаларға арналған. Айналдыру қолданбалардың барлығында жұмыс істей бермеуі мүмкін.
Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Сол жақ жиектен жүргізіп өту ашық қолданбалардың арасында жылдам ауысу үшін оларды көрсетеді. ● Бағдарламалар арасында ауысу үшін саусағыңызды дисплейдің сол жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз.
2. Қолжетімді бағдарламаларды көру үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар) пəрменін таңдаңыз. Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса мұқият болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Белгіше Перне Сипаттама f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау орталығын ашады. Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер ұсынады.
Төте жол пернесі Перне Сипаттама Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Пернені қайтадан басқанда алдыңғы экранға қайтарады. + c Шебер түймелерді ашады. + d Windows жұмыс үстелін ашады. + o Автоматты түрде бұру мүмкіндігін қосады немесе өшіреді. + q «Барлық бағдарламалар» экранын ашады. + tab Ашық қолданбалардың арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Өзіңізге қажетті қолданба көрсетілгенше осы пернелердің тіркесімін басып тұрыңыз.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады. Бөлік num lock пернесі Сипаттама Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады. Сыртқы пернетақтаның стандартты сан функциясы (бұл мүмкіндік зауытта қосылған) мен жылжу функциясын (пернелердегі бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстырып қосу үшін осы пернені басыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен ғана жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады: ● Дисплейді жабыңыз. ● Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді Бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз жəне Спящий (Ұйқы күйі) параметрін басыңыз. Ұйқы күйінен шығу үшін ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз. ● Пернетақтадағы пернені басыңыз.
4. Құпия сөз сұрау (ұсынылады) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5. Өзгертулерді сақтау параметрін таңдаңыз.
2. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз. Батарея ақпаратын табу Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяда заряды тұрмайтын болса, HP Support Assistant ішіндегі Батареяны тексеру бағдарламасын іске қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат өлшегіш белгішесі төмен немесе аса төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегішін жəне қуат параметрлерін қолдану 47-бетте бөлімін қараңыз.
Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз. Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат өлшегіші белгішесінің көрінісі өзгереді. Қуат мəселелерін шешу Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды.
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы қолжетімді болса, Smart Connect құралы электрондық поштаның кіріс жəшіктері, əлеуметтік желі сайттары мен жаңалықтар беттері сияқты ашық тұрған қолданбаларды жаңартады жəне компьютерде ұйқы күйі қосылады.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер) Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдермен жабдықталған. ● Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ жəне Intel арқылы қолданылады. Егер компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады. ● Қосарлы графикалық режимдер — тек AMD арқылы қолданылады.
бағдарламаның параметрлерін Недавно открытые приложения (Жақын арада ашылған бағдарламалар) ашылмалы мəзірі арқылы немесе Другия приложения (Басқа бағдарламалар) тармағынан төмен орналасқан Обзор (Шолу) пəрмені арқылы қолмен өзгертуге болады. Жұмыс істеу немесе қуат үнемдеу режимдері арасында ауысуға болады. ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, ауыспалы графикалық режимдер бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Жинақтағыш дисктер — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге көмектесетін жад карта құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютер бағдарламалық құралы, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін ішкі қатты диск немесе қатты күйдегі диск бар. Кейбір компьютерлерде дыбыс жəне бейне файлдарын CD, DVD немесе (тек таңдаулы үлгілерде) Blu-ray дискісінен (BD) оқуға немесе оларға жазуға мүмкіндік беретін ішкі оптикалық диск болады.
▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін Windows жұмыс үстелінде хабарлама көрсетіледі жəне хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан белгіше пайда болады.
Жад картасын енгізу жəне шығару Жад картасын енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқыштарының зақымдану қатерін азайту үшін, жад картасын күштеп енгізбеңіз. 1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып ұстаңыз. 2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
Оптикалық диск жетектерін пайдалану Көлемі үлкен деректерді оқу немесе сақтау үшін, оптикалық диск жетегі лазер шамын пайдаланады. Кейбір жетектер арқылы тек ақпаратты оқу мүмкін болады, ал кейбіреулерінде бос дискіге ақпаратты жазуға да болады. Оптикалық диск жетегінің жұмысын жақсарту үшін, келесі кеңестерді пайдаланыңыз. ● Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының жеткілікті екенін тексеріңіз.
ойнатылуы үшін, AACS кілттерін жиі жаңартып тұру керек. Жетекке осындай BD фильмінің шығарылымы салынғанда, CyberLink PowerDVD бағдарламасы ойнатуды жалғастыру үшін жаңарту жасауды сұрайды. Экрандағы нұсқауларды орындап жаңартуды орнатыңыз. ● BD фильмдерін көргенде байқалатын жолақтар сымсыз желі кедергілерінен орын алған болуы мүмкін. Бұл мəселені шешу үшін, барлық ашық бағдарламаларды жауып, сымсыз байланысты ажыратыңыз. Оптикалық дискіні салу Науалық салғыш 1. Компьютерді қосыңыз. 2.
Диск салғыш қалыпты түрде ашылған жағдайда 1. Диск салғышты шығару үшін, жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін (1) басып, салғышты (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз. 2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Диск салғыш қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 60 1.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Деректер мен дискілерді бөлісу жəне бағдарламалық құралдарға қол жеткізу Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз.
4. Жергілікті диск (C:) сипаттары терезесіндегі Қосымша ортақтасу опциясын таңдаңыз. 5. Осы қалтаны ортақ пайдалану параметріне құсбелгі қойыңыз. Бір желідегі дискілерді бөлісу үшін: 62 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз. 2. Желі жəне ортақтасу орталығын ашу опциясын таңдаңыз. 3. Белсенді желілерді қарап шығу тізімінен бір белсенді желіні таңдаңыз. 4.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау құралы жəне Дискіні тазалау құралы арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер қамтылған.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін. HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2.
8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад модулінің ұясына орныққанша басыңыз. б. Жад модулінің (3) сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз. HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/ support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркеліңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз. Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет Пайдаланушы құпия сөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Əкімші құпия сөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРІМ: Осы құпия сөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер компьютеріңізге түсуі мүмкін.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса, бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз.
74 3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
10 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға жəне қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР жəне Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді қарапайым қадамдармен жақсы жұмыс күйіне келтіруге немесе тіпті бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі.
HP Recovery құралын жасау 79-бетте бөлімін қараңыз. 2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі — Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру утилитасымен белгілі бір сəтте сақталған қатты диск мазмұнының кескіні. Жүйені қалпына келтіру нүктесінде реестр параметрлері сияқты Windows пайдаланатын ақпарат болады.
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға немесе HP веб-торабынан компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы керек. диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға болмайды.
● Егер сізге жеке ақпаратыңызды, параметрлерді немесе компьютерге алдын ала орнатылған немесе Windows дүкенінен сатып алынған қолданбаларды жоғалтпастан жылдам əрі оңай қалпына келтіру керек болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын қолданып көріңіз. Бұл опция басқа бір дискіге деректердің сақтық көшірмесін жасауды қажет етпейді. Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану 82-бетте бөлімін қараңыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану Компьютер дұрыс жұмыс істемей тұрса жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын жаңадан бастап, маңызды нəрселерді қалдыруға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қайта жаңарту жүйеге зауытта бастапқыда орнатылмаған қандай да бір əдеттегі қолданбаларды жояды.
3. Жүктеу опциялары мəзірінен Ақауларды жою тармағын таңдаңыз. 4. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру) параметрін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастау экранын қолдау үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. 2. Параметрлер тармағын таңдаңыз. 3.
● Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру үшін HP Recovery медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, HP Recovery құралын жасау 79-бетте бөлімін қараңыз. ● HP Recovery медиа құралы жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру құралдарын HP вебторабынан алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/ contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/ en/wwcontact_us.html.
табылатын компьютердің жүктелу ретін өзгертуге болады. Оптикалық дискінің немесе USB флэш-дискісінің таңдалуын өзгертуге болады. Жүктелу ретін өзгерту үшін: 1. Жасалған HP Recovery құралын салыңыз. 2. Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз жəне esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 27, 29 Айнымалы ток адаптері 8 айнымалы ток адаптері, тексеру 51 айнымалы ток адаптерін тексеру 51 астыңғы жағы 16 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 28 аудио функциялары, тексеру 25 аудио функцияларын тексеру 25 аудио шығыс (құлақаспап) ұялары 6, 24 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 42 Анықтама жəне қолдау орталығы 42 анықтау 13 дыбыс деңгейін арттыру 42 дыбысты өшіру 42 келесі жолшық немесе бөлім 42 ойнату, кідірту, жалғастыру 42 сəулелен
жүйені қалпына келтіру нүктесі жасау 79 қалпына келтіру 80 жүктеу реті HP Recovery Manager бағдарламасын өзгерту 84 И Интернет байланысын орнатқыш 19 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 72 К кабельдер USB 56 компьютер, сапарға шығу 49 компьютерге күтім көрсету 67 компьютерді өшіру 52 компьютерді сапарға алып шығу 16, 49, 68 компьютерді тазалау 67 компьютерді тасымалдау 68 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 82 концентраторлар 55 корпоративтік WLAN қосылымы 20 Күту
пернетақтаның артқы жарығы, анықтау 42 порттар HDMI 8, 24, 27 Intel сымсыз дисплейі 29 Intel сымсыз музыка технологиясы 29 USB 2.0 24 USB 3.
E esc пернесі, анықтау 13 F fn пернесі, анықтау 13, 43 H HDMI аудио параметрлерін реттеу 28 HDMI порты анықтау 8, 24 қосылу 27 HP 3D DriveGuard 63 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) жүктеу 77 пайдалану 77 HP Recovery Manager жүктеу мəселелерін шешу 84 қосу 84 HP Recovery құралы жасау 79 қалпына келтіру 84 HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартулары, орнату 73 I Intel сымсыз дисплейі Intel сымсыз музыка технологиясы 29 29 N num lock пернесі, анықтау 13, 44 P PowerDVD 29 R RJ-45