User's Guide

Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2)
Айнымалы ток адаптерінің шамы
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядтаулы.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Өшірулі: компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеуде.
(3)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(4)
RJ-45 (желі) ұясы
RJ-45 (желі) күй шамдары (2)
Желілік кабелді қосады.
RJ-45 күй шамдары
Ақ: желі қосылған.
Сары: желіде əрекет орын алуда.
(5) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы
қалыпты
жағдай.
(6)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе
жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(7)
USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 55-бетте
бөлімінен қараңыз.
(8)
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты жад карталарынан
оқиды жəне мəліметтерді карталарға жазады.
8 Бап 2 Компьютермен танысу