User's Guide
Бөлік Сипаттама
(4) Желдеткіштер (6) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы
– қалыпты жағдай.
(5)
Қызмет көрсетуге арналған есік Сымсыз LAN (WLAN) жəне жад модульдерінің
ұяларына кіруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау
үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе
аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші
үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат
еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Модульді ауыстырғаннан кейін, ескерту хабары
алынса, компьютер жұмысын қалпына келтіру үшін,
модульді шығарып, Анықтама жəне қолдау арқылы
қолдау көрсету
қызметіне хабарласыңыз. Бастау
экранында h əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау
опциясын таңдаңыз.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер
алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген
барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына
жабыстырылған, батарея орнында немесе сервистік есіктің астында орналасқан.
Бұл орындарды табу кезінде көмек алу үшін, Компьютермен танысу 5-бетте бөлімін қараңыз.
●
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз
етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель
нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас
болады. Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмір
(3) Өнім нөмірі
Жапсырмалар 15










