User's Guide

4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу
жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде
пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін,
монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары
ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Мультимедиа мүмкіндіктері
Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама
(1) Iшкі микрофондар (2) Дыбыс жазады.
(2) Веб-камера шамы Қосулы: Веб-камера қолданылуда.
(3) HP TrueVision ажыратымдылығы
жоғары веб-камерасы
Бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге, бейне
ағынмен ойнату арқылы бейне конференциялары
мен желіде əңгімелесу сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
Бастау экранында c əрпін жазып, қолданбалар
тізімінен CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Мультимедиа мүмкіндіктері 23