User's Guide
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден
көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға
жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: Экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының
екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз. Бастау экранына п əрпін
жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін
таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын
реттеу) параметрін таңдаңыз.
HDMI аудио параметрлерін реттеу
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін,
келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Колонки (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан
кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату)
қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
28 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану










