User's Guide
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен
түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики/НР (Үндеткіштер/НР) параметрін
таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Intel сымсыз дисплейін жəне сымсыз музыка технологиясын
пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® сымсыз дисплейі жəне сымсыз музыка технологиясы компьютердегі мазмұнды
ажыратымдылығы жоғары теледидар, монитор, проектор, ойын консолі, Blu-ray ойнатқышы
немесе бейнемагнитофон сияқты алу/көрсету құрылғысына сымсыз түрде жіберуге мүмкіндік
береді. Сымсыз адаптерді пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан
қараңыз.
▲
Intel сымсыз дисплейін ашу үшін бастау экранында w деп теріңіз жəне Intel WiDi пəрменін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплей мүмкіндігін пайдалануды бастамай тұрып, сымсыз құрылғыңыз
қосулы екенін тексеріңіз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару (тек таңдаулы
үлгілерде)
CyberLink PowerDVD бағдарламасы фотосурет жəне бейне жинақтарын басқаруға жəне
өзгертуге мүмкіндік береді.
▲
CyberLink PowerDVD бағдарламасын бастау үшін бастау экранына c əрпін жазыңыз, одан
кейін бағдарламалар тізімінен CyberLink PowerDVD тармағын таңдаңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару (тек таңдаулы үлгілерде)29










