User's Guide
5 Экранда шарлау
Компьютер экраны бойынша бірнеше əдіспен жылжуға болады:
●
Түрту қимылдары
●
Пернетақта жəне тінтуір
Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек
таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Компьютермен бірге берілген Windows 8 Basics нұсқаулығын қараңыз. Нұсқаулықта сенсорлы
тақтамен, сенсорлы экранмен немесе пернетақтамен жиі орындалатын тапсырмалар туралы
ақпарат берілген.
Таңдаулы компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Кейбір компьютер үлгілерінде кірістірілген сандық пернетақта болуы мүмкін.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютерде оңай жылжуға мүмкіндік
береді.
Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер опцияларын
өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттеуге болады. Бастау
экранына п əрпін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін басыңыз жəне
Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) параметрін таңдаңыз. Құрылғылар
жəне принтерлер тізімінен Тінтуір
тармағын таңдаңыз.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта саусақтар арқылы экрандағы меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Əр қимылдың көрсетілімін көру үшін:
1. Бастау экранына п əрпін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін
басыңыз жəне Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) параметрін
таңдаңыз.
2. Synaptics TouchPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) параметрін таңдаңыз.
3. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
30 Бап 5 Экранда шарлау










