User's Guide

Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты шеңбер
бойынша сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат
тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру нысанды немесе суретті басқаруға болатын белгілі бір қолданбаларға
арналған. Айналдыру қолданбалардың барлығында жұмыс істей бермеуі мүмкін.
Саусақты жиектен жылжыту
Саусақты жиектен жылжыту қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу
немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға
қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін шебер түймелерді ашады.
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды дисплейдің оң жақ жиегінен ішіне қарай
жайлап сырғытыңыз.
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)39