User's Guide
2. Қолжетімді бағдарламаларды көру үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар)
пəрменін таңдаңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе
Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі
қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Компьютерде белгілі бір пернелермен немесе перне тіркесімдерімен жылдам ақпаратқа қол
жеткізудің немесе функцияларды орындаудың түрлі жолдары бар.
Əрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4, f5 (тек кейбір
үлгілерде) жəне f6 мен f12 пернелеріндегі əр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияны
сипаттайды.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін,
Setup
Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану 75-бетте бөлімін көріп,
экранның төменгі жағындағы нұсқауларды орындаңыз.
Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін тағайындалған функцияны іске қосу үшін, тиісті
əрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану 41










