User's Guide
Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді Бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат)
белгішесін таңдаңыз жəне Спящий (Ұйқы күйі) параметрін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Егер экран
сөніп тұрса, оны қосыңыз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
●
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту
үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін
таңдаңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Параметры питания (Қуат параметрлері)
тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз сілтемесін басыңыз.
3. Қазіргі уақытта
қол жетімді емес параметрлерді өзгерту параметрін таңдаңыз.
4. Қуат түймешігін басқан кезде аймағында Күту күйін таңдаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау параметрін таңдаңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында power деп жазып, Параметрлер, содан кейін Қуат опциялары
тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Оянғанда құпия сөз сұрау тармағын таңдаңыз.
3. Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту параметрін таңдаңыз.
46 Бап 6 Қуат басқару










