User's Guide

Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен
деңгейін көрсетеді.
немесе
Windows жұмыс үстеліндегі қуат өлшегіш белгішесі төмен немесе аса төмен заряд деңгейі
туралы хабарландыру көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегішін жəне қуат
параметрлерін қолдану 47-бетте бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер күту күйін іске қосады.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Пайдаланушы ауыстыра алатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареяға
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне
қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер 2 аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
батарея зарядының мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, оны салқын жəне құрғақ
жерде бөлек сақтаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 49