User's Guide
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
● Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде
азаяды.
●
Windows жұмыс үстеліндегі қуат өлшегіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Қуат мəселелерін шешу
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
● Дисплей қосылмайды.
● Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы жəне
айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы байланысты тексеріңіз.
●
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр жəне оны ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
HP CoolSense компьютердің көлденең тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет
температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш
параметрлерін реттей бастайды.
HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны
анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP
CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы
жоғары болуы мүмкін.
CoolSense өшіру немесе қосу үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
▲ Бастау экранында cool деп жазып, Параметрлер, содан кейін HP CoolSense тармағын
таңдаңыз.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)51










