User's Guide
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы
үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың
мазмұнын жаңарту
Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы
күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы қолжетімді болса, Smart Connect құралы
электрондық поштаның кіріс жəшіктері, əлеуметтік желі сайттары мен жаңалықтар беттері
сияқты ашық тұрған қолданбаларды жаңартады жəне компьютерде ұйқы күйі қосылады. Smart
Connect құралы электрондық пошта сияқты желіден дербес жасалған мазмұнды да
қадамдастырады. Компьютер ұйқы күйінен шыққанда,
жаңартылған ақпаратты дереу
пайдалана аласыз.
▲
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, бастау экранында smart
(смарт) сөзін теріп, Intel® Smart Connect Technology (Intel Smart Connect технологиясы)
құралын таңдаңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді
өшірмес бұрын міндетті түрде жұмысыңызды сақтаңыз.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
●
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
●
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді
қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
жүйесінің Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пəрменін қолдану болып табылады:
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болcа, өшірмес бұрын, қуат түймесін тез
басып қалу арқылы ұйқы немесе күту күйінен шығу керек.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз.
3. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пəрмендерін таңдаңыз жəне
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану
мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген
кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелерін басып, Қуат белгішесін басыңыз, содан кейін Өшіру тармағын
таңдаңыз.
● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
●
Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны
шығарыңыз.
52 Бап 6 Қуат басқару










