User's Guide
бағдарламаның параметрлерін Недавно открытые приложения (Жақын арада ашылған
бағдарламалар) ашылмалы мəзірі арқылы немесе Другия приложения (Басқа
бағдарламалар) тармағынан төмен орналасқан Обзор (Шолу) пəрмені арқылы қолмен
өзгертуге болады. Жұмыс істеу немесе қуат үнемдеу режимдері арасында ауысуға болады.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, ауыспалы графикалық режимдер бағдарламалық
құралының анықтамасын қараңыз.
Қос графикалық режимдерді пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Егер амалдық жүйеңізде қос графикалық режимдер (екі немесе одан да көп графикалық
процессор қосылған кезде) болса, DirectX 10 немесе 11-нұсқасын пайдаланатын толық
экрандық құрылғылар үшін бағдарлама қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында AMD Radeon
қосарлы графикалық режимдерін іске қосуға болады. DirectX туралы толық ақпаратты
http://www.microsoft.com/directx мекенжайы бойынша табуға болады.
ЕСКЕРІМ: Қос графикалық жүйелерде режимдер қуат талаптарына сəйкес (динамикалық
жоспар) автоматты түрде ғана таңдалады жəне жұмыс режимі немесе қуат үнемдеу режимі
жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындалады. Алайда, параметрлерді белгілі бір
бағдарлама үшін қолмен өзгертуге болады.
AMD Radeon қос графикалық режимдерін қосу немесе өшіру үшін, Catalyst Control Center
тармағындағы Өнімділік қойыншасының AMD Radeon Dual Graphics бөліміне құсбелгі қойыңыз
немесе алып тастаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, AMD бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
54 Бап 6 Қуат басқару










