User's Guide

Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
Windows жұмыс үстелінде хабарлама көрсетіледі жəне хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан белгіше пайда болады.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. Ақпаратыңызды сақтап, құрылғымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінде, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан жабдықты шығарып алу белгішесін басыңыз. Безопасное
извлечение устройств и медиа (Құрылғылар мен медиа құралдарын қауіпсіз шығарып
алу) хабарламасы экранға шығарылады. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қуат берілетін USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін,
құрылғының өшірілгенін жəне айнымалы ток қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз.
2. Құрылғының қуат сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін, құрылғыны өшіріп, содан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
56 Бап 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу