User's Guide

Жад картасын енгізу жəне шығару
Жад картасын енгізу үшін
ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқыштарының зақымдану қатерін азайту үшін, жад картасын
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
Жад картасын шығарып алу үшін
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында жад
картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы бағдарламалық құралды жою белгішесін басыңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Жад картасын енгізу жəне шығару 57