User's Guide

Диск салғыш қалыпты түрде ашылған жағдайда
1. Диск салғышты шығару үшін, жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін (1) басып,
салғышты (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз.
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен
ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Диск салғыш қалыпты түрде ашылмаған жағдайда
1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың (1) ұшын кіргізіңіз.
2. Диск салғыш (2) шыққанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріп, диск салғышты толық
тартып шығарыңыз.
60 Бап 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу