User's Guide

3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен
ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Деректер мен дискілерді бөлісу жəне бағдарламалық құралдарға қол
жеткізу
Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты
пайдаланумен шектеліп қалмайсыз. Желідегі компьютерлер бір-бірлерімен бағдарламалық
құралдар мен деректерді алмаса алады.
ЕСКЕРІМ: DVD фильмі немесе ойыны сияқты диск көшіруден қорғалған болса, оны бөлісу
мүмкін емес.
Бір желідегі қалталарды немесе кітапханаларды бөлісу үшін:
1. Windows жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын ашыңыз.
2. Библиотеки (Кітапханалар) терезесінде Общий доступ (Ортақ пайдалану) қойыншасын
басыңыз да, Конкретные пользователи (Арнайы адамдар) параметрін таңдаңыз.
3. Файлды ортақ пайдалану жолағына бір атты жазып, Қосу түймешігін басыңыз.
4. Ортақ пайдалану түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жергілікті дискідегі ақпаратты
бөлісу үшін:
1. Windows жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын ашыңыз.
2. Кітапханалар терезесіндегі Жергілікті диск (C:) опциясын таңдаңыз.
3. Ортақ пайдалану қойындысын басып, Қосымша ортақтасу опциясын таңдаңыз.
Оптикалық диск жетектерін пайдалану 61