User's Guide
құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың
барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты
түрде алу үшін тіркеліңіз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
●
Диметил бензиль амоний хлорид ең көбі 0,3 пайыз концентрация (Мысалы: бір рет
қолданылатын майлықтардың сан алуан түрі бар.)
●
Спирті жоқ əйнек тазалағыш сұйықтық
●
Жұмсақ сабын қосылған су
●
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ
антистатикалық шүберек)
●
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз,
спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид жəне көмірсутектер сияқты ингредиенттердің
өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рəсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз.
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды
компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым
алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде)
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау құралына малынған шүберекпен
жайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің жақтары не қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары не қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының
біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
Компьютерді тазалау 67










