User's Guide
13 Электростатикалық разряд
Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының
соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу.
Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр
қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін. Компьютерге зақым келтіруді
болдырмау үшін, диск жетегіне зақым келтіруді немесе ақпараттың жоғалуын азайту
үшін, осы
сақтық шараларын сақтаңыз:
●
Егер жою немесе орнату нұсқауларында компьютерді қуат көзінен ажырату ұсынылса,
компьютердің жерге дұрыс қосылғанын тексеріп, одан кейін қақпақты алыңыз.
●
Бөліктерді орнатуға дайын болғанша оларды электростатикалық разряд өтпейтін
контейнерлерде сақтаңыз.
● Істікшелер, контактілер жəне қосылатын ұштарға тимеңіз. Электрондық бөліктерді қолмен
мүмкіндігінше аз уақыт ұстаңыз.
●
Магниттік емес аспаптарды
пайдаланыңыз.
● Бөліктерді ұстамас бұрын бөліктің боялмаған метал бетін ұстау арқылы статикалық электр
тогын разрядтаңыз.
●
Бөлікті алған кезде оны электростатикалық заряд өтпейтін контейнерде сақтаңыз.
Егер сізге статикалық электр қуаты туралы немесе бөліктерді алу жəне орнату туралы қосымша
ақпарат қажет болса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
88 Бап 13 Электростатикалық разряд










