User's Guide

Желілік принтерді орнату және пайдалану туралы кеңестер
Желілік принтерді орнату және пайдалану үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
Сымсыз желілік принтерді орнатқанда, сымсыз маршрутизатор қосылғанын тексеріңіз. Принтер
сымсыз маршрутизаторларды іздейді, содан кейін дисплейде анықталған желі атауларын тізеді.
Принтерде сымсыз байланысты тексеру үшін басқару тақтасында (Сымсыз) түймесін түртіп,
Сымсыз желі мәзірін ашыңыз. Егер ол Сымсыз желі өшірулі немесе Қосылмаған күйін көрсетсе,
Параметрлер кейін Сымсыз орнату шебері түймесін басыңыз. Принтердің сымсыз байланысын
орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер компьютеріңіз виртуалды жеке желіге (VPN) қосылған болса, желідегі кез келген басқа
құрылғыға, соның ішінде принтерге қатынасу алдында VPN желісін ажырату керек.
Желіні және принтерді сымсыз басып шығаруға теңшеу туралы қосымша мәліметтер. Қосымша
ақпарат үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
Желінің қауіпсіздік параметрлерін білу туралы мәліметтер. Қосымша ақпарат үшін желіге өту
мақсатында осы жерді басыңыз.
HP Print and Scan Doctor құралы туралы қосымша ақпарат алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызметтік бағдарлама Windows операциялық жүйесін үшін ғана қолжетімді.
USB түрінен сымсыз қосылым түріне өзгерту әдісі туралы мәліметтер. Қосымша ақпарат үшін
желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
Принтерді орнату кезінде брандмауэр және вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыс істеу
туралы мәліметтер. Қосымша ақпарат үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
98 8-тарау Принтерді жалғау KKWW