User's Guide
Принтер кареткасының кептелісін тазалау
Принтер кареткасының кептеліс
мәселесін шешу
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану
Егер бір нәрсе принтер кареткасына кедергі келтіріп тұрса немесе ол оңай жылжымаса,
қадамдық нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Басып шығару кареткасының кептелулерін тазалау үшін Анықтамадағы жалпы
нұсқауларды оқу
1. Басып шығару кареткасын бұғаттайтын қағаз сияқты заттарды алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелген қағазды алу үшін ешбір құралдарды немесе басқа құрылғыларды
пайдаланбаңыз. Принтер ішінен кептелген қағазды алғанда әрқашан сақ болыңыз.
2. Басып шығару экранынан анықтама алу үшін, басты экранда Анықтама белгішесін түртіп,
Анықтамалық бейнелер таңбашасын, содан кейін Картридж кептелісін тазарту.
Қағаз кептелістерін болдырмау әдісі
Қағаз кептелістерінен құтылу мақсатында көмек алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
● Кіріс науасын шамадан тыс толтырмаңыз.
● Басып шығарылған қағаздарды жайлап шығыс науасынан алып тастаңыз.
● Кіріс науасына салынған қағаздардың тегіс орналасқанына және ұштары бүгілмегеніне немесе
жыртылмағанына көз жеткізіңіз.
● Кіріс науасында әртүрлі қағаз түрлерін және қағаз өлшемдерін біріктірмеңіз; кіріс науасындағы
қағаздың барлығы бірдей өлшемде және түрде болуы қажет.
● Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін кіріс науасындағы қағаз енін бағыттауышты
сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енін бағыттауыш майыстырмайтынын
тексеріңіз.
● Қағазды кіріс науасының ішіне қатты итермеңіз.
● Принтер басып шығарып жатқанда қағазды салмаңыз. Принтерде қағаз бітейін деп тұрса,
алдымен принтердің қағаздың қалғанын қолдануына рұқсат беріп, одан кейін қағазды қосыңыз.
Қағаз беру ақауларын шешу
Сізде қандай мәселе бар?
● Қағаз кіріс науасынан алынбайды
104 9-тарау Мәселені шешу KKWW










