User's Guide

Сия картриджіндегі ақаулар
Сия картриджіне қатысты мәселені шешу
Картриджді салғаннан кейін қате немесе картриджге қатысты мәселені көрсететін хабар пайда болса,
сия картриджін алып, әр сия картриджінде пластмасса таспаның қорғаныш бөлігі жоқ екендігін
тексеріңіз де, сия картридждерін қайта салыңыз. Бұл жұмыс істемесе, картридж контактілерін
тазалаңыз. Егер мәселе әлі шешілмесе, сия картридждерін ауыстырып көріңіз. Сия картридждерін
ауыстыру туралы ақпарат алу үшін Сия картридждерін ауыстыру (81-бет) бөлімін қараңыз.
Сия картриджының түйіспелерін тазалау
ЕСКЕРТУ: Тазалау процесі бірнеше минутты ғана алады. Сия картридждерінің принтерге тез арада
қайта орнатылуын қамтамасыз етіңіз. Сия картридждерін құрылғының сыртында 30 минуттан көп
уақыт бойы қалдыру ұсынылмайды. Бұл басып шығару механизміне және сия картриджіне зақым
келтіруі мүмкін.
1. Қуат қосулы тұрғанын тексеріңіз.
2. Шығыс науасының ұзартқышын жауып, шығыс науасын принтерге салу үшін, оны сағат тілінің
бағымен айналдырыңыз.
3. Принтердің алдыңғы есігін ашыңыз.
106 9-тарау Мәселені шешу KKWW